Қызылорда қаласы Жастар ресурстық орталығында «Жастар саясатының іске асырылуы» мәселесіне арналған облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жария тыңдауы өтті. Тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен өткен жария тыңдауға облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

