Жастар – конституциялық реформалар үшін! Тараз қаласында ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі күннің басты назарында — жастармен жұмыс және олардың Жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі. Шаһар басшысының еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі стратегиялық маңызы бар кәсіпорын — «Таразэнергоцентр» АҚ базасында өтті. Қала әкімінің айтуынша, алдағы реформалардың басты қозғаушы күші — дәл осы жастар. Ал жаңарған Конституция олардың өз әлеуетін іске асырып, мемлекетті басқару ісіне белсене араласуына берік құқықтық негіз болмақ.

