Биылғы жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде жасанды интеллект негіздері оқытыла бастады. Енді оқушылар тек цифрлық технологияларды пайдаланып қана қоймай, оның мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қағидаларын меңгереді. Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5–11 сыныптарда «Информатика және жасанды интеллект» пәндері енгізілді. Алғашқы оқу күнінен-ақ білім алушылар жаңа бағыт бойынша сабаққа кірісті.
Ақпараттық порталы

