25 Окт 2025, Сб

ЖАРЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПХАНА

.Қараңғы түнектің ар жағынан үміт сәулесі көрінеді дейді. Сол сәуле – білім. Сол сәуле – кітап. Ал сол кітапқа апарар жол – кітапхана. Арыс қаласының дәл жүрегінде, көше шуынан сая болар тыныш мекенде ерекше тағдыр иелеріне арналған бір шаңырақ бар. Ол – зағип жандарға арналған арнайы кітапхана. Бұл – көзбен көрмей, жүрекпен оқитын жандардың рухани әлемге ену орны. Мұнда әр әріп – үнге айналады, әр сөз – сезімге, әр кітап – үмітке айналады.