19 Сен 2025, Пт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ – ТРАНЗИТТІК ХАБҚА АЙНАЛУДА

Жамбыл облысы – Қазақстанның маңызды транзиттік хабтарының біріне айналуда. Осы мақсатта халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойында алғашқы заманауи Keruen Inn қонақүйі пайдалануға берілді. Бұл нысан – ҚР Үкіметі мақұлдаған «2025–2029 жылдары Qazaq Oil-дың 60 жол бойындағы қонақүйі» бағдарламасының бастамасы. Жоба толықтай жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылған.