Биыл ХХ ғасырдың Гомері атанған әйгілі ақын, ұлы жырау , жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы. Ақын атын иеленген Жамбыл ауданында мерейтой кең көлемде аталып өтті. Айтулы датаға орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде ақынға арналған экспозициялық бұрыштың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар аудандық кітапханада облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

