Бүгін Қалалық мәдениет үйінің ғимаратында 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жаңа сарбаздарды шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. Болашақ әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкінде мерзімді қызметін өтеуге аттанады.