15 Ноя 2026, Вс

ЖАМБЫЛДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Энергетика саласын жаңғырту, электр қуатының тапшылығын болдырмау және инфрақұрылымды дамыту. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында ҚР Құрылтайының депутаты Әбілқайыр Тамабек пен ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров «ТаразЭнергоОрталық» АҚ ұжымымен кездесті.