18 Апр 2026, Сб

ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың таралуы артқанын ескертті. Әсіресе, жаңа Конституция жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау жағдайлары тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.