25 Окт 2025, Сб

ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕЛГЕ СЫЙЛЫ

Түркістан облысында еңбекқор жандардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Сауран ауданы Ораңғай ауылының тұрғыны гранттық жоба жеңімпазы Дадашева Дилноза. Ол 3-топ мүгедектігіне қарамастан, өмірге құштарлығын жоғалтпай, өз ісін бастаған. Дилноза жеңіл көліктерге арналған желімдеу орталығын ашып, бүгінде кәсібін сәтті жүргізіп отыр.