26 Окт 2025, Вс

«ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН, ЕҢСЕЛІ РЕСПУБЛИКАМ!» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында Республика күніне арналған «Ертеңі жарқын, еңселі Республикам!» атты мерекелік іс-шара өтті.Мерейлі мерекені ауылдық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды.Шараның негізгі мақсаты — ел бірлігін дәріптеп, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды.Бұл күн – халықтың рухын көтеріп, елдік мерей мен ұлттық сана-сезімді жаңғыртатын айрықша мереке. Мерекелік алаң безендіріліп, ауыл тұрғындары мен оқушылар көтеріңкі көңіл күйде жиналды.