Діни адасушылықты алдын алу туралы топтық кездесу
1 min read
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінің теологы әділет аға лейтенанты Н.Желдібаевтың ұйымдастыруымен топтық кездесу өтті. Онда Жамбыл облысы әкімшілігі Дін істер басқармасының теологтары Д.Е. Джакипов және А.К.Құлымбетов және «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы мекемедегі сотталғандармен кездесіп «Неке және отбасы», «Діндегі мәзхаб ұғымы» тақырыбында сотталғандармен ашық сұхбаттасып, кәсіби маманнан мол мағлұмат алу баршаға ерекше әсер сыйлады. Кездесуден сотталғандар имани сусындалып, көкейлерінде жүрген біраз сұрақтар қойып, ұғымды жауаптар алды. Тек мұнымен ғана шектелмей сотталғандарды дәрістен соң жеке сұрақпен қабылдап, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бірер сағатқа созылған сұхбат баршаның көңілінен шықты деуге толық негіз бар, олай деуімізге абақтыда айыбын өтеушілердің тағы да осындай жиындардың көптеп өтуіне сұраныс білдіруі сеп. Кездесудің басты мақсаты- сотталғандардың теріс ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу.
Діни сауатсыздық соңы сан соқтырып, опық жегізуі ықтимал. Онымен күрес жолында қыруар жұмыс, көп күш жұмсалуы тиіс, деседі маман.
Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің
теологы әділет аға лейтенанты Н.Желдібаев