Қаладағы мал базарына қатысты дау өршіп, мәселе қоғамдық талқыға түсті. Жылдар бұрын елдімекеннен алыс аймақта салынған нысан бүгінде тұрғын үйлермен қоршалып қалған. Жергілікті жұрт жаз айларында қолайсыз иіс пен шыбын-шіркейдің көбейетінін айтса, базар иесі нысанның барлық талаптарға сай бой көтергенін алға тартады. Қалалық әкімдік мәселені жан-жақты зерттеп, мал базарын қала сыртындағы санитарлық талапқа сай аймаққа көшіру мүмкіндігін қарап жатыр.

