Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Әлемді ғылым құтқарады – VI» атты дәстүрлі салтанатты іс-шара өтті. Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, студенттер мен қоғам өкілдері қатысты. Шара барысында ғылым саласында табысты еңбек етіп жүрген ғалымдар марапатталып, жас зерттеушілерге қолдау көрсетілді.

