Мүмкіндігі шектеулі болу – өмірді шектеу емес. Түркістан өңірінде осындай жігерлі жастар аз емес. Солардың бірі – 17 жастағы Ибраһим. Ол өз өмірін спортпен байланыстырып, тек физикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан да шыңдалып келеді. Бір жарым жыл бұрын бочча спортына қызығушылығы оянып, бүгінде бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетіп жүр.
