Баланың шат күлкісінен асқан әуен жоқ. Жаздың жайма-шуақ күнінде Тараз қаласы тағы бір ерекше мерекеге куә болды. «Қауіпсіз балалық шақ – әр үйге» атты профилактикалық іс-шара аясында бүлдіршіндер үшін көңілді су мерекесі ұйымдастырылып, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.

