15 Ноя 2026, Вс

БАЙСАЛОВ ОҚУЛАРЫ – 2026

Таразда «Байсалов оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Биылғы жиын «Жаңа Конституция және Қазақстанның тұрақты дамуы: жер қатынастарын реттеудің құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық басымдықтары» тақырыбына арналды. Алқалы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, заңгерлер мен сала мамандары қатысып, жер қатынастарын құқықтық реттеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.