15 Ноя 2026, Вс

АҚЫН СЕРІК ТОМАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Жамбыл өңірінің әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, журналист Серік Томановтың 70 жылдығына орай Таразда еске алу кеші өтті. «Құс қанат ғұмыр» деп аталған тағылымды шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ақынның замандастары, қаламгерлер мен өнер қайраткерлері қатысты. Кеш барысында ақынның шығармашылық мұрасы дәріптеліп, жаңа жинағының тұсауы кесілді.