20 Апр 2026, Пн

АЙТБАЙ МЕШІТІ: 150 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХТЫҢ АҚИҚАТЫ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  Қызылорда қаласындағы тарихи «Айтбай» мешіті туралы деректі фильм түсіріліп, кітап жарық көрді.  «Айтбай» мешіті: аңыз бен ақиқат» деп аталатын төл туындының тұсаукесер рәсімі Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениеті үйінде өтті.