Жамбыл облысы қалаларды кешенді абаттандыру және көгалдандыру бағытында елорданың озық тәжірибесін енгізуге кірісті. Енді өңірде елді мекендерді дамытуға арналған бірыңғай стандарт бекітіліп, ол жергілікті атқарушы органдар үшін дайын нұсқаулыққа айналады. Бұл туралы Таразда өткен семинарда белгілі болды.