25 қараша — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні болып табылады. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген. Осы күннен бастап әлемнің әртүрлі елдерінде әйелдерге зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару үшін 16 күндік белсенді науқан басталады. Бұл шара жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Акцияның мақсаты — қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оны жою мәселелеріне көңіл бөлуге арналған.