22 Апр 2025, Вт

ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ШУ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Ұлы жеңістің 78   жылдығына орай әр – бір елді мекендерде мерекелік іс – шаралар жасалды. Отан алдында от кешіп сұрапыл соғыстың талай қиыншылықтарын басынан кешкен ел азаматтарын ұмыт қалдырмау, оларға деген сый – қошемет көрсету кейінгі буынның парызы.  Болашақ ұрпақ үшін  азаматтық борышын қан майданда өтеу маңдайларына жазылып, ел мен жердің тыныштығы үшін  6620 ер азамат  Шу өңірінен майданға аттанған.