Жамбылдық колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында қолға алынған «Жас маман» жобасына 11 колледж еніп, 3,7 млрд. теңгеге замануи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкендері және 2 ақылы қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты.