26 Апр 2025, Сб

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Ағымдағы жылдың 2-6 қыркүйек аралығында Бішкек қаласында Сурдлимпиадалық грек-рим күресінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 16 мемлекеттен 132 спортшы қатысып, ҚР-ның ұлттық құрама командасы сапында 25 спортшы  ел намысын қорғады. Күні бүгін әлем чемпионы атағын иемденген жерлесімізНұржан Асанды жамбылдықтар бар сән-салтанатымен күтіп алды.