Тараз қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз LED-шамдарын орнатқан «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші полицейлердің заңды талабына бағынбай, жүрісін жалғастырып, қашуға әрекеттенген. Жолда қауіпті маневрлер жасап, апатты жағдай туғызып, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Патрульдік экипаждар көлікті қоршағаннан кейін тәртіп бұзушы көлігін тастап қашуға тырысқан. Полицейлердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде жүргізуші алысқа ұзамай ұсталды.
Сіздің телеарнаңыз!