Бүгін Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен кездесу өтті. Жиында барысында Қанатбек Қайшыбекұлы облыстың елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бағытында іс-шаралар кең көлемде жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етіп, облыс тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандарды аталған іс-шараларға белсенділік танытып, қатысуға шақыратындығын айтты.