Жамбыл облысында алғаш рет қыздар медресесі ашылды. Айша бибі ауылында орналасқан білім ошағында ендігі оқу жылынан бастап 50 оқушы білім ала алады. Білімгерлер республика бойынша 9 сыныптан бастап оқуға қабылданады. Ол үшін жатын орны да жасақталған. Оқу орны жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған. Салтанатты шараға Бас мүфти мен облыс әкімінің орынбасары арнайы қатысып, жиылғандарды мерейлі күнмен құттықтады.