Жамбыл облысында 486 пәтерден тұратын 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үйлер барлық санаттағы кезекте тұрған азаматтарға арналған. Өтініштерді Otbasybank.kz порталы арқылы беруге болады. Дәл осындай мәліметтер бүгін баспасөз алаңында мәлім болды.