28 Май 2025, Ср 10:35:04 AM

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Жамбыл ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында қос нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның бірі Қостөбе ауылының тұрғындары ұзақ күткен медициналық пункті. Сондай-ақ Ерназар ауылы сапалы ауызсуға қосылды. Тұрғындардың қуанышты сәтімен  аудан әкімі Ерлан Қыдыралұылы құттықтап, аудандағы ағымдағы жылы атқарылған жүйелі жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.