Жаңа жыл мерекесі жақындаған кезде жасыл шырша да өз орнын табады. Жаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз.