Шымкент қаласында “Жұмысшы мамандықтары жылына” орай “Еңбек адамы – елдің байлығы” атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында индустриалды аймақтардағы өндіріс орындары мен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, қаржы, мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету салаларынан жұмыс берушілер өз ұсыныстарын жасады.