Кейінгі жылдары елімізде, оның ішінде облысымызда спорт саласының дамуына барынша қолдау білдіріліп келеді. Әсіресе, ауылдық жерде спорт нысандарының саны жыл өткен сайын арта түсуде. Спорт саласын дамыту — мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болғандықтан Шу ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту кешенді жоспарын бекіту туралы қаулысы бекітілген еді. Осы бағытта 6 мыңға жуық тұрғыны бар Д.Қонаев ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
Добавить комментарий