11 Июл 2025, Пт

«WELDINGSKILLS-2025» — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Меркі ауданындағы №9 Меркі колледжінде халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік сайысы — «WELDINGSKILLS–2025» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстанның бес өңірі — Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен көршілес Қырғыз Республикасы және Өзбекстаннан барлығы 11 команда қатысты.