Шу ауданы Төтенше жағдайлар гарнизонының қызметкерлері өрт сөндірушілер, жергілікті полиция қызметі, газ шаруашылығы және «Шу аудандық электр жүйелері» қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, улы газдың адам өмірі мен денсаулығына келтіретін қатері және одан қалай сақтану керектігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.