9 Май 2025, Пт

«УЧУР» ЖАСТАР ТЕАТРЫ «БЕТПЕ-БЕТ ҚОЙЫЛЫМЫН САХНАЛАДЫ

Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық фестиваліне қатысушы Қырғыз Мемлекеттік «Учур» жастар театры Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» шығармасын сахналады. Бұл қойылым адам болмысының күрделі тұстарын, махаббат пен сатқындық, үміт пен өкініш, өмір мен өлім мәселелерін ашып көрсетті.