1 Сен 2025, Пн

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖЕЛІСІ — 883 ШАҚЫРЫМ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖЕЛІСІ — 883 ШАҚЫРЫМ

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау желісі — 883 шақырым. Ауа райының күрт нашарлауынан туындаған күре жолдағы қолайсыздықты жою мақсатында 120-дан астам техника жұмылдырылды, Сондай-ақ көрші өңірлерден қосымша техника тартылғанын атап өткен жөн. Автожолдарды тазалау жұмысы нормативтік мерзімдерге сәйкес жүргізілді.

  «ҚАЖсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл облыстық филиалы тарапынан жолдарды күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Одан бөлек, автожолдардағы шұңқырларды тегістеу жұмыстарын да жүргізуде. 

«АЛМАТЫ – ТАШКЕНТ – ТЕРМЕЗ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ АҚАУЛАР БИЫЛ ЖОЙЫЛАДЫ

«Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 274-279-шы шақырымы аралығы Қайнар кенті мен Аспара кентінің арасындағы учаскеде қаңтар айынан бастап тұрақсыз ауа райы байқалды. Айтарлықтай көп мөлшерде түскен жауын-шашын мен ауа температурасының күрт өзгеруі жабын мен бетондағы қорғаныш қабаттың бұзылуына әкелді, сонымен қатар жол бойында аздаған шұрық шұңқырлардың пайда болғаны байқалды. Жамбыл облысы Мерке ауданы арқылы өтетін (276-277 км) учаске ең көп зақымдалған аймақ болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды. «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы 2012-2014 жылдары салынған, ол жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі.

 

«ҚазАвтоЖол» жолшылары ауа райы тұрақталып, күн жылына салысымен аталған жолдағы ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстарына кіріседі.

Жошы ұлысына 800 жыл — 10 дерек

Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл. Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін атаулы дата аясында атқарылатын жұмысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында айтқан болатын. «Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа», — деді Президент.

 

📌Осыған орай Жошы ұлысы туралы 10 дерек ұсынамыз. Материал тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаевпен кеңесіп, әзірленді.

САРЫСУДА 182 АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

 

Сарысу ауданы прокуратурасы аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан (бұдан әрі — Мекеме) «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген қайтарымсыз грант алушы 182 азаматтан (оның ішінде 49 шағын кәсіпкерлік субъектілері) қолданыстағы заңнамада көзделмеген талаптарды міндеттеу арқылы, негізсіз қол хат алынып отырғанын анықтады.  Атап айтқанда, Мекемемен грант алушылардан қаражат түскен күннен бастап, 1 ай ішінде сатып алынған заттардың растама құжаттарын тапсыруды және азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын 1 жыл бойы өзгертпеуді негізсіз міндеттеп, конституциялық құқықтарын шектеген. Аудан прокуратурасымен енгізілген ұсынудың нәтижесінде ауданда қалыптасқан заңсыз тәжірибеге тосқауыл қойылып, 182 азаматтың (оның ішінде 49 кәсіпкерлердің) конституциялық құқықтары қорғалды.

 

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЙЛЫ САБАҚ АЛДЫ

 

Дін жаратылысқа сай бір тұтастылығымен адамзат тарихымен бірге бастау алады. Дін тарихтың барлық кезеңінде адамзатпен бірге жасап, бірге жалғасып, өзіндік әдет-ғұрыптарының қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Дәстүрге келер болсақ, әрбір мемлекеттің, халықтың өзіне тән дәстүрі бар.
Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жазасын өтеушілерге діни сауат пен салт-дәстүрді терең үйрету және бойына сіңіру мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Әбу Бәкір әс-Сыддық мешітінің имамы Қасымжан Бектаев «Дін мен дәстүр ұлттық құндылық негізі » тақырыбында жазасын өтеушілерге сабақ өтті. Өткізілген сабақты қорытындылау мақсатында сотталғандар арасында сұрақ-жауаптармен пікірталас жүргізілді.
Ұйымдастырған ЖД-158/7 мекемесінің теологы әділет капитаны Н. Желдібаев.

 

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Шамарданұлы Жарылғапов және Жамбыл облысы Прокуратурасының 5 басқарма бастығы Өнер Өсерұлы Арынтаевтың қатысуымен сотталған азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді. Басты мәселе-сотталған азаматтарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған және жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ жазаға ауыстыру жағдайдағы туындайтын сұрақтарға тоқталды.

Сонымен қатар қабылдау барысында жазасын өтеуші азаматтар сот үкімдеріне және жаза өтеу жағдайы тұрғысында жекелеген сұрақтарын қойып, сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

БЫЛА ПРОВЕДЕНА ПРОВЕРКА

В учреждении ЖД-158/7 Департамента УИС по Жамбылской области с применением животного со связанными глазами и специальных инструментов была проведена проверка внутренней и внешней запретной зоны,территорий рабочих и жилых объектов,чердаков, подвальные помещений, столовой, подземных сооружений и коммуникации жилой и промышленной зоны на предмет обнаружения и выявления следов подготовки к побегу, подкопов и схронов не разрешённых предметов.

В учреждении ЖД-158/7 Департамента УИС по Жамбылской области с применением животного со связанными глазами и специальных инструментов была проведена проверка внутренней и внешней запретной зоны,территорий рабочих и жилых объектов,чердаков, подвальные помещений, столовой, подземных сооружений и коммуникации жилой и промышленной зоны на предмет обнаружения и выявления следов подготовки к побегу, подкопов и схронов не разрешённых предметов.