БРИФИНГТЕН АҚПАРАТ
https://www.instagram.com/p/DFMxpHzN9jy/?igsh=aXQxM2R4ZWdpMGkz
https://www.instagram.com/p/DFMxPwgtU0K/?igsh=d2xic3pkeGtkdjdw
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Алмас Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Өткен жылы Қызылорда қаласында 13 438 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл көлемінде қалалық “Мансап” орталығына жұмыс іздеуші ретінде 26 494 тұрғын жүгінген болса, оның ішінде 13 368 азамат уақытша жұмысқа жолдама алды, 4 534 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында қалада 5 838 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 131 адам жұмыспен қамтылды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 25 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты – «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыру» бойынша 520 азамат мемлекеттік грантқа ие болды. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары» бойынша қоғамдық жұмыстарға 3682 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адам, жастар тәжірибесіне 1234 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 72 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 1 адам, «Күміс жас» жобасымен 686 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды.
Айта кету керек, 4591 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 7415 балаға қосымша төлем, 7 200 балаға жолда жүру ақысы аударылды. 1966 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3346 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді. 14 097 мүгедектігі бар адамдар мен балаларға біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 4465 отбасыға көмек көрсетілді.
https://www.instagram.com/p/DFMwmUKNO4B/?igsh=NHgwa2hmcGE4OWoz
Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Әжібеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 181,4 млн. теңгені құрады. 8298 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, негізгі дақыл күріштің 3856 гектарынан 19 858,4 тонна өнім алынды. Егілген 368 гектар бидайдан, 379 тонна өнім, 130 гектар картоптан 1625,0 тонна, 1329 гектар көкөністен 16 612,5 тонна, 990 гектары бақшадан 13 464,0 өнім жиналды. Ал, мал шаруашылығы бойынша, 2 591,9 тонна ет, 3 556,3 тонна сүт, 777,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жалпы, қала бойынша мүйізді ірі қара 23 158 бас, уақ мал 28 562 бас, жылқы 16 256 бас, түйе 2 917 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.
Қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар биыл да жалғасады. Ақжарма мен Қарауылтөбе ауылдық округінен маусымдық кезеңге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуге 10 гектардан барлығы 20 гектар (әр отбасыға 10 сотық) егістік жер бөлінетін болады.
Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 46 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 3251 құжат қаралды, оның ішінде 1578 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 1673 өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылды.
Өткен жылы жер учаскесін нысаналы мақсатына сай игермеген кәсіпкерлік мақсатында 894 жер учаскесі анықталды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 917 гектарды құрайтын 8 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар, жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскесінің пайдалануына жүргізілген мониторинг нәтижесімен көлемі 75 437,72 гектарды құрайтын 744 жер учаскесіне мал басы тіркелді. Қалған 150 жер учаскесі бойынша меншік иелерін нақтылап, мал басын тіркету жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, көлемі 4,39 гектарды құрайтын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 79 тұлғаға әкімшіліктік жазалау шаралары қолданылып, 12 829 700 теңге әкімшіліктік айыппұл салынды.
https://www.instagram.com/p/DFKv301MkXS/?igsh=aDZxaGRzN3N6Zmow
Коммуналдық қызметтер көшелердің бойындағы қарды тазартып, арнайы техниканың күшімен қала сыртына шығаруда.
«77 TV» телеарнасы өз жұмысын Қызылорда қаласынан бастады!
Өзекті тақырыптар, шынайы ақпарлар легі біздің телеарнада.
«OTAU TV» және «ID TV»,«Bee TV»-дан 22-ші арнадан хабар таратуда!
«77 TV» телеарнасы шаңырақтарынызда қосулы болсын!
? Байланыс телефондары: +7 776 711 1188
https://www.instagram.com/p/DExTbXLthuF/?igsh=YmJxbnBydDU2c2px
https://www.instagram.com/p/DFKv301MkXS/?igsh=aDZxaGRzN3N6Zmow
Кітапханада «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, көптеген прозалық және тарихи-танымдық кітаптардың авторы, «Құрмет» ордені мен көптеген медальдарының иегері Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет ағамызға арналған «Артына елеулі мұра қалдырған баспасөз қайраткері» атты еске алу кеші өтті.

Еске алу кешіне арнайы шақырылған филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» директоры, археолог, тарихшы Сауран Қалиев, Жамбыл облыстық архивінің бөлім басшысы- бас қор сақтаушы Есентаева Жібек, Шерхан Мұртазаұлы атындағы руханият және тарихтану орталығы, Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамарова, сондай-ақ Мақұлбек ағамыздың ұлы Нұрқуат Мақұлбекұлы жылы естеліктерімен бөлісті.
На автодороге республиканского значения «Курты-Бурылбайтал» в Жамбылской области возобновлены работы по реконструкции.

Дорожники начали укладку крупнозернистого асфальтобетона для нижнего слоя покрытия дороги между 2152-2214 км.
#QAJ
#Реконструкция
Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Күрті-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту жұмыстары жанданды.

Жолжышлар 2152-2214 шақырым аралығында жол жабынының төменгі қабатына ірі түйіршікті асфальтбетон төсеуге кірісті.
#QAJ
#ҚайтаЖаңарту
11-13 наурыз аралығында Жамбыл облысында жауын-шашын жауып, күн күркірейді. Таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, жол жабынында көк тайғақ пайда болу қаупі бар.

❗️Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
#QAJ