1 Сен 2025, Пн

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ӨҢІРЛІК ЖОСПАР АЯСЫНДА КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ӨҢІРЛІК ЖОСПАР АЯСЫНДА КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

https://www.instagram.com/p/DFaQ56KNKK9/?utm_source=ig_web_copy_link

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына 736 мың адам қатысып, 176 800 түп тал егілді. Акция басталғалы ауылдарды қолдау, ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп, 2,1 млрд. теңгеге күнделікті тұрмысқа қажетті 67 техника табысталды. Коммуналдық сала кәсіпорындарына, табиғатты қорғау мекемелеріне 309 арнайы техника сатып алынды. Қызылорда қаласының орталық алаңы, аудандарда демалыс орындары қайта жаңғыртудан өтті. Биыл бірнеше саябақ қайта жаңартылады», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті.​
Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы, Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» пайдалануға берілді. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылының орталық алаңы және Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелері абаттандырылып, жарықтандырылды. Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары, 200 млн. теңгеге 14 спорт және ойын алаңы салынып, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді.
Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде. Аудандарда 320 млн. теңгеден астам қаржыға көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынды. Өткен жылы аймағымызда мекеме ғимараттарының қасбеті, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдары, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеу, сырлау, безендіруге біркелкі дизайн код бекітілді.

Дереккөз: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛУДА

https://www.instagram.com/p/DFaOE7atVTx/?utm_source=ig_web_copy_link

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы Сыр елінде су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алынғанын айтты. Еске салайық, былтыр аймақта жарты миллион тоннаға жуық күріш (гектарына 58 центнерден, 496,4 мың тонна) өндірілді.

Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция 2023 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты. 2025-2029 жылдары 57 млрд. теңгеге 29 жаңа жоба жүзеге асырылады (488 жаңа жұмыс орны).

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде соңғы 2 жылда Арал теңізіндегі су көлемі 4 млрд. текше метрге дейін артты (2022 жылы – 18,5 млрд. текше метр, 2024 жылы – 22,3 млрд. текше метр, САТ көлемі – 27 млрд. текше метр). Бұл балық шаруашылығының дамуына, экологиялық ахуалдың жақсаруына оң септігін тигізуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫНА МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАПСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРУДЕ

https://www.instagram.com/p/DFXmiBntkLf/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

АРАЛДА КАЛЬЦИЙЛЕНГЕН СОДА ЗАУЫТЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

https://www.instagram.com/p/DFM0iwltzZd/?igsh=MWsyczhoenk1OHlncQ==

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы, атап айтқанда, Аралда кальцийленген сода зауытын салу және инженерлік инфрақұрылым жүргізу, Көкшетау қаласының инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде жылу, су, газ және энергиямен жабдықтау объектілеріне республикалық бюджеттен қаржы бөлу, жергілікті маңызы бар 95% автомобиль жолдарын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіру барысы қаралды.
Мәжілісте Дархан Амангелдіұлы Аралда кальцийленген сода зауытын салу және инженерлік инфрақұрылым жүргізу ел үшін маңызды әрі қажетті жоба екенін ерекше атап өтті.
Жиынға селекторлық байланыс арқылы қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев талқыланған мәселеге орай баяндама жасады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылы Қызылорда облысына іссапары кезінде «Арал қаласында кальцийленген сода өндіретін зауыт салу» жобасына инженерлік инфрақұрылым жеткізіп, іске асыруды тапсырды. Әкімдік мемлекеттік қолдау ретінде 902 гектар жер телімін Арал ауданынан табыстады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары 4,8 млрд. теңгеге инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстар басталған. Бүгінде 545,4 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен игерілді. Жоба бастамашысы зауыт құрылысын бастаса, инфрақұрылым жеткізу жұмыстары жалғасатын болады. Зауыттың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік органдардан оң қорытынды алынды» – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі 2021 жылы «Чайна Гонконг Лонджи» қытайлық компаниясымен құрылтай шарты жасалғанын, алайда, геосаяси жағдайға байланысты инвестор жобаға қатысуын тоқтатқанын атап өтті.
«Сол себепті қаржыландыру мәселесі шешілмей, зауыт құрылысы 6 жыл қатарынан кейінге шегерілді. Осыған орай тапсырманың орындалу мерзімі екі рет ұзартылды. Өткен жылдың 9 қыркүйегінде жауапты мемлекеттік органдардың, мүдделі тараптардың қатысуымен өткен мәжілісте қаржыландыру схемасы мақұлданды» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЛЕГІ

https://www.instagram.com/p/DFMxPwgtU0K/?igsh=d2xic3pkeGtkdjdw

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Алмас Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Өткен жылы Қызылорда қаласында 13 438 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл көлемінде қалалық “Мансап” орталығына жұмыс іздеуші ретінде 26 494 тұрғын жүгінген болса, оның ішінде 13 368 азамат уақытша жұмысқа жолдама алды, 4 534 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында қалада 5 838 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 131 адам жұмыспен қамтылды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 25 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты – «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыру» бойынша 520 азамат мемлекеттік грантқа ие болды. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары» бойынша қоғамдық жұмыстарға 3682 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адам, жастар тәжірибесіне 1234 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 72 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 1 адам, «Күміс жас» жобасымен 686 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды.

Айта кету керек, 4591 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 7415 балаға қосымша төлем, 7 200 балаға жолда жүру ақысы аударылды. 1966 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3346 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді. 14 097 мүгедектігі бар адамдар мен балаларға біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 4465 отбасыға көмек көрсетілді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

https://www.instagram.com/p/DFMwmUKNO4B/?igsh=NHgwa2hmcGE4OWoz

Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Әжібеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 181,4 млн. теңгені құрады. 8298 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, негізгі дақыл күріштің 3856 гектарынан 19 858,4 тонна өнім алынды. Егілген 368 гектар бидайдан, 379 тонна өнім, 130 гектар картоптан 1625,0 тонна, 1329 гектар көкөністен 16 612,5 тонна, 990 гектары бақшадан 13 464,0 өнім жиналды. Ал, мал шаруашылығы бойынша, 2 591,9 тонна ет, 3 556,3 тонна сүт, 777,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жалпы, қала бойынша мүйізді ірі қара 23 158 бас, уақ мал 28 562 бас, жылқы 16 256 бас, түйе 2 917 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.

Қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар биыл да жалғасады. Ақжарма мен Қарауылтөбе ауылдық округінен маусымдық кезеңге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуге 10 гектардан барлығы 20 гектар (әр отбасыға 10 сотық) егістік жер бөлінетін болады.

Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 46 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 3251 құжат қаралды, оның ішінде 1578 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 1673 өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылды.

Өткен жылы жер учаскесін нысаналы мақсатына сай игермеген кәсіпкерлік мақсатында 894 жер учаскесі анықталды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 917 гектарды құрайтын 8 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар, жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскесінің пайдалануына жүргізілген мониторинг нәтижесімен көлемі 75 437,72 гектарды құрайтын 744 жер учаскесіне мал басы тіркелді. Қалған 150 жер учаскесі бойынша меншік иелерін нақтылап, мал басын тіркету жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, көлемі 4,39 гектарды құрайтын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 79 тұлғаға әкімшіліктік жазалау шаралары қолданылып, 12 829 700 теңге әкімшіліктік айыппұл салынды.

«77 TV-ҚЫЗЫЛОРДА»

«77 TV» телеарнасы өз жұмысын Қызылорда қаласынан бастады!
Өзекті тақырыптар, шынайы ақпарлар легі біздің телеарнада.
«OTAU TV» және «ID TV»,«Bee TV»-дан 22-ші арнадан хабар таратуда!
«77 TV» телеарнасы шаңырақтарынызда қосулы болсын!
📲 Байланыс телефондары: +7 776 711 1188

https://www.instagram.com/p/DExTbXLthuF/?igsh=YmJxbnBydDU2c2px