Таразда Жамбыл облысының жастары арасындағы тоғызқұмалақ чемпионаты салтанатты түрде бастау алды. Облыстың барлық аудандарынан келген жас спортшылар ат салысқан бұл додада ойындар классика, рапид және блиц форматтарында өтті. Чемпионаттың ерекшелігі — бірнеше жас категориялары бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ чемпионат әр жастағы ұлдар мен қыздар арасынан мықтыларды анықтауға мүмкіндік берді. Жарыстың барысы мен нәтижелері туралы толық ақпаратты алдағы сюжетте көресіз.