3 Май 2025, Сб

ТЕАТР ҰЖЫМЫ ДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Еліміздің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына әлі де гуманитарлық көмек үлестіріліп жатыр. Арнайы көмек су басқан аудандарға да жеткізілді. Ал қарғын судың салдарынан үйі мен малынан айрылған жандарға қарапайым тұрғындар, кәсіпкерлер және түрлі ұйымдардан бөлек, елдің өзге өңірлерінен жәрдем қолын созып жатқандар бар. Олардың қатарында Жамбылдықтар да бар. Ел басына күн туғанда қарап қалмай, жан-жақты қолдауымен көмегін аямаған облыстан күні кеше кезекті көмек жинақталып, жіберілгелі жатыр. Бұл жолғы игі істің бастамашысы облыстық А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы болды.