30 Апр 2025, Ср 12:34:33 AM

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРГЕ ТОЛЫ МҰРАЖАЙ

Соңғы жылдары өңірдегі мәдени, тарихи орындарды тамашалайтын туристердің саны артып келеді. Оның ішінде еліміздің өзге аймақтарынан бөлек, шетелдіктердің үлесі басым. Ал, облыстық  тарихи-өлкетану музейінің аудандағы филиалдарымен санағанда жалпы музей қорында 68 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Оның негізгілері тарихи, археологиялық коллекциялар, нумизматика, тарихи-тұрмыстық заттар қолжазбалар мен баспа құжаттар.