Тараз қаласында қоғамдық көлікті жаңғырту аясында 20 жаңа заманауи автобус жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Бұл бастама қала инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, тұрғындардың күнделікті сапарын барынша жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған.Жаңа автобустар №44, №23 және №13 бағыттары бойынша қозғалады. Бұл бағыттар қаланың негізгі аудандарын қамтып, жолаушылар үшін көлік қолжетімділігін арттырады.