7 Май 2025, Ср

ТАРАЗДА «ТАЗА ҚАЛА – ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Таразда көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары, санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. «Таза қала — таза жағалау» акциясы аясында арық-атыздар, каналдар тазаланды. Сондай-ақ  Тараз қаласының барлық округінде мекеме-ұйым қызметкерлері мен қала тұрғындары сенбілікке шықты. Сонымен қатар тұрғындар мен сала мамандары қаланы көріктендіру мақсатында Желтоқсан көшесінің бойына тал көшеттерін екті.