Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланысшыларының дәрісі өтті. Ол полигонда немесе әскери бөлімде емес, қаланың ескі қараусыз қалған ғимараттарында өтті. Осылайша, байланыс полкінің әскери қызметшілері қиын жағдайларда қалыптасуы мүмкін әскери іс-қимылдардың элементтерін пысықтады.