Бүгін Таразда жыл сайынғы «Наурыз берекем, Наурыз мерекем» жәрмеңкесі өтті. Бұл шара қоғамға мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және оларды қоғамға интеграциялау мақсатында ұйымдастырылды. Наурыз мерекесіне арналып өткізілген жәрмеңке таланттар мен мүмкіндіктерді таныстыру алаңы ғана емес, сонымен қатар қолөнершілер мен қала тұрғындарының кездесетін орнына айналды. Жәрмеңкенің ашылуына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Улана Сламбекова арнайы қатысты.