1 Май 2025, Чт 1:19:55 PM

ТАРАЗДА «JIBEK JOLY» ПОЙЫЗЫ ТУРИСТЕР ҮШІН ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы Тараз темір жол вокзалында «Jibek Joly» пойызы туристері үшін экскурсия ұйымдастырды. Аталмыш халықаралық тур «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағытында жүзеге асып, ұзақтығы 5 күнді құрады. Туристерді ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тарттырды.