8 Май 2025, Чт

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ 80 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Таразда Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға ақынның оқырмандары, қалың жұртшылықпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те  қатысты.