Қазақстан Республикасы бойынша балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілген болатын. Аталған акция балық аулау желілерінен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде. Атап айтсақ Шу ауданы бойынша 5 су қоймалары бар. Олардың ішіндегі ауқымды су қоймасы Республикалық мәніндегі Тасөткел су қоймасы. Аталған тазалық акция тасталған балық аулау желілерімен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өтті.
Сіздің телеарнаңыз!