8 Май 2025, Чт

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ САТЫЛЫП КЕТКЕН

Талас ауданы Қаратау қаласында заңсыз әрекеттер анықталуда. Мәселен, қаланы ауыз сумен қамтып отырған «Игілік» көпсалалы мекемесінің басшылығы 30 км құрайтын су құбырларын заңсыз сатып жіберген. Сондай-ақ, қаланы жылумен қамтитын мекеме тұрғындардан негізсіз төлем алған. Пайдакүнемдерге қандай шара қолданылды? Қолды болған қаржы өндірілді ме?