9 Май 2025, Пт

ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты. «Turkistan Chefs Hub» бірлестігінің аспаздары «Shymkent Tourism Bureau» туристік бюросының қолдауымен «Game of Food GastroAntalya 24» байқауына қатысып, екі алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды.